Үкіметтік емес ұйымдардың санын қысқартамыз - Абзал Нүкенов
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Абзал Нүкенов үкіметтік емес ұйымдардың екі жарым есеге қысқаратынын жеткізді. Бүгін ол тиісті заң жобасын сенаторларға таныстырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.