Астанада қатты жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында 28 мамыр түнде 2 градусқа дейін үсік болуы мүмкін. Күндіз солтүстік-батыстан соққан желдің бағыты оңтүстік-батысқа ауысып, оның екпіні 15-20 м/с болады. Кей уақыттарда найзағай түсіп, дауыл болады және бұршақ жауады, деп хабарлайды Астана қаласының ресми сайты.