Қазақстан құс етінің импортынан арылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан сүт өнімдері, құс еті, жемістер мен көкөністер импортынан арылуы керек. Бұл туралы Мәжілісте 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламасына түзетулер енгізу тақырыбына арналған Үкімет сағатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.