Джузеппе Конте Италия үкіметін құра алмады
БАҚ бұған дейін Контенің үкіметті құра алмауына президенттің коалиция экономика министрі қызметіне ұсынған, Еуропа Одағына қарсы Паоло Савонаның кандидатурасына наразылық білдіруі себеп болғанын хабарлаған. Конституция бойынша, президент ұсынылған барлық кандидатураны мақұлдағанда ғана үкімет құрылады.
Маттарелла ресми мәлімдемесінде Италия қоғамы мен экономикасының тұрақтылығына кепіл ретінде Савонаның кандидатурасына қарсы шыққанын растады. Италияның Еуропа Одағы құрамында қалуы, я қалмауына қатысты алаңдаушылық туындап, соңғы күндері Италия биржасында акция бағамдары түсіп кетті.
28 мамырда президент экономика министрі Карло Коттареллимен кездесіп, оған үкіметті жасақтауды ұсынады деп жоспарланып отыр. Бірақ ол құрған үкіметті парламенттің қаншалықты қолдайтыны әзірге белгісіз. Бірақ "Лига" партиясының лидері Маттео Сальвини қалыптасқан саяси дағдарысты мерзімінен бұрын сайлау өткізіп қана шешуге болатынын мәлімдеді.
Италияда наурызда өткен парламент сайлауында бір де бір саяси күш парламентте абсалютті көпшілік дауыс иеленбеді. "Бес жұлдыз қозғалысы" мен "Лига" партиялары кеңесе келіп, премьерлікке Контенің кандидатурасын ұсынуға келіскенімен, президент Савонның кандидатурасына қарсы шыққан.