«100 жаңа есім»: Тоқырап қалған ауылын тоқкөңіл еткен азамат
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстандағы Жарма ауданының Борсағын бойлай өтетін күре жолмен Әуезов ауылынан тіке тартсаңыз - шағын ғана Шалабай ауылына ат басын тірейсіз. Қазақтың ақбас сиырының отаны атанған осы ауылда іргелі шаруа қожалық бар. Тоқырау жылдары бұл жерден араб және моңғол кәсіпкерлері асыл тұқымды ірі-қараларды таласа сатып алып кеткен екен. Ал бүгінгі күні ойсырап қалған отандық ойсылқара тұқымын өсіруді қолға алған «Шалабай» ЖШС алдағы уақытта ірі қараның басын 8 мыңға жеткізуді көздеп отыр. ...«Қазақстанның 100 жаңа есімі» қатарынан көрінген «Шалабайдың» басшысы Қуаныш Сүлейменовтың шаруалары неліктен «жұмыста емес, курортта жүрміз» дейді? Шаруалардың шат көңілінің сырын аталмыш ауылға барғанда ғана ұғынған едік.