Қазақстандықтар джиу-джитсудан Германия чемпионы белдіктерін иеленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері Германияның Лимбург қаласында NAGA (North-American Grappling Association) тұжырымы бойынша джиу-джитсу мен грепплингтен дәстүрлі Германия Ашық чемпионатында Еуропаның мықты спортшылары күш сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.