Министрлік мүгедек балалардың қосымша жәрдемақысын енгізуге қатысты түсінік берді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақыны енгізуді тапсырды. Аталған әлеуметтік төлем ағымдағы жылы 1 шілдеден бастап берілуі тиіс, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.