Талдықорғанда дəрігерлердің 30 пайызы зейнеттік жаста
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні Талдықорғанда 950 дəрігер еңбек етіп жатса, олардың 30 проценті - зейнеттік және зейнетке шығар алдындағы жаста. Бұл жөнінде Талдықорған қаласы əкімінің орынбасары Мəрлен Көлбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.