Орал полициясы Азаттық тілшісі Мария Мельникованы тергеді
25 наурызда Оралда полиция Азаттық тілшісі Мария Мельникованы тергеді. Журналистің сөзінше, екі сағатқа созылған тергеу кезінде полиция оған “жалған ақпарат тарату” қылмыстық ісінде куәгер екенін айтқан. Мельникова Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің тергеушісі Николай Вязников “тексеру шарасы үшін” ұялы телефонын алғанын айтады. Тілшінің айтуынша, полицейлер оған бөлімшеге шақырту қағазын әкеліп, бірден тергеуге алып кеткен. Журналисті полицияға шақыртуға 24 наурызда Facebook парақшасына салған фото скриншоты себеп болған. Читать дальше...