Чехияда «Абай» мәдени-ақпарат орталығы ашылды
ПРАГА. ҚазАқпарат - Бүгін Чехия астанасы - Прага қаласының Клементинум атындағы Ұлттық кітапханада «Абай» мәдени-ақпарат орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.