«Отырарды қорғау» анимациялық фильмі көрерменге жол тартты
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында «Отырарды қорғау» атты анимациялық фильм көрерменге жол тартты. Тұсауы кесілген туынды Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың идеясымен дайындалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.