ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Еліміздің демографиялық ахуалы ақсап тұрған шақта көптеген жанұялар жағдайдың жоқтығын, енді бірі жұмыстың көптігін сылтау қылып жатады. Соның салдарынан, өкінішке қарай, қалалық жерлерде 1-2 баламен ғана шектелетін қазақ отбасылары көбейіп барады. Осындай шақта қауырт жұмыстың тізгінін ұстап, ондаған баланы өсіріп отырған азаматтарымыз баршылық. Солардың бірі Шымкент қаласында тұрады. Өңірдің жол-патрульдік полициясы полкінде қызмет атқаратын Бауыржан Абдурахманов небәрі 36 жасында 11 баланың әкесі атанды. Читать дальше...