ШҚО-де мектеп оқушысы ағаш қалдықтарынан құрылыс материалын дайындайды
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -Өскемендегі Назарбаев зияткерлік мектептерінің жоғары сынып оқушысы Диас Бекешовтың «Арболиті» «Химик-зерттеуші» деген атаумен өткен үздік ғылыми жобалар республикалық байқауында 3-ші орынды жеңіп алды. Ерекше дарын иесі өзінің зерттеу жұмыстары барысында өндіріп, жетілдірілген арболитімен (құрылыс материалы) конкурсқа қатысқан болатын, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» Назарбаев зияткерлік мектептерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.