Астанада Ә.Молдағұлова көшесі жартылай жабылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қыркүйектің 15-і мен 25-і аралығында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Ә. Молдағұлова көшесінің Жеңіс даңғылынан Бекетай көшесіне дейінгі бөлігі жартылай жабылады. Бұл туралы қала әкімдігінің сайты хабарлады.