Жамбыл облысында 3400 гектар алқапқа сексеуіл көшеттері отырғызылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында 3400 гектар алқапқа сексеуіл көшеттері отырғызылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы басшысының орынбасары Ханалиев Жасұлан Рахымбайұлы мәлім етті.