Қазақстан Канадада өтіп жатқан халықаралық тау-кен форумына қатысуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - 6-9 наурыз аралығында Канаданың Торонто қаласында «Prospectors & Developers Association of Canada» (PDAC) жыл сайынғы халықаралық тау-кен форумы өтуде. Пайдалы қазбалар барлау мен тау-кен ісімен айналысатын мамандар, компаниялар, әрі ұйымдардың кездесуі үшін тұрақты орынға айналды және оған әлемнің 100 елінен мыңға жуық шетелдік компания өкілдері қатысуда.