Қазақстанда 147 мың оқушы үшін мектептерде соңғы қоңырау соғылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның мектептерінде салтанатты түрде «Соңғы қоңырау» шарасы өтіп жатыр. Биыл 147 мың оқушы мектеп қабырғасынан түлеп ұшты. Оның 7 мыңы «Алтын белгі» иегерлері, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.