Хоккей мен волейболдан жарыс өтті
Астананың 20 жылдығына арналып Қарғалы ауданында хоккей және волейбол ойындарынан жарыс өтті. Сенбі күні аудан орталығында хоккейден жарыс ұйымдастырылды. Сайысқа аудан бойынша жеті команда қатысты. Бірінші орынды аудандық агротехникалық колледжі алса, екінші орынды өрт сөндіру бөлімі, үшінші орынды Бадамша балалар және жасөспірімдер спорт мектебі иеленді. Ал Қосестек, Ащылысай ауылдық округінен келген командалар белсенділігімен көзге түсті. […]