Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ұшақ бортында темекі шеккен тәртіп бұзушы «Алматы-Нұр-Сұлтан» әуе рейсінен шығарылып, оған айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.