Жарнама тілі түзелмей, мін түзелмейді – Алтынбек Әбділманов
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қай қала болсын, түрлі нысандардағы маңдайша, жарнама және басқа көрнекі ақпараттың сауатты жазылуы – аса маңызды мәселе. Батыс Қазақстан облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты Алтынбек Әбділманов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында осылай айтты.