Қарағандыдан 8 жаңа әуе рейсі іске қосылады
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – «FlyArystan» - қазақстандық алғашқы лоукостер Қарағандыдан сегіз жаңа әуе рейсін іске қосады. Сәуір айынан бастап Шымкент, Ақтау, Атырау, Семей, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе және Ресейдің Мәскеу қаласына ұшуға болады. Ал жолаушылардың көптеген өтініштері бойынша Қарағанды әуежайына жаңа автобус жүретін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.