Елжан Біртанов коронавирустың таралуына жол бермеудің әдісін атады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирустың таралуына жол бермеу үшін аталған инфекция өршіп тұрған елдерден келген адамдар 14 күн бойы ешкіммен араласпай, үйлерінде отыруы тиіс. Бұл жайында бүгін БАҚ өкілдерімен кездескен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.