Нью-Йорк полициясынан Қазақстан азаматының ұсталғандығы туралы ресми ақпарат түскен жоқ - ҚР СІМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нью-Йорк полициясынан Қазақстан азаматының ұсталғандығы туралы ресми ақпарат түскен жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.