Көз күтімі
— Көзіңізге қиқым түссе жоғары кірпігіңізді жайлап көтеріңіз де, көзіңізді оңғасолға, жоғарыға төменге бұрыңыз. Көз жасыңыз қиқымды шығаруға жетпесе, жасанды көз жасын не таза физиологиялық ертіндіні пайдаланыңыз. Кейбіреулер көздің жоғары қабағын сыртқа айналдырады. Кейде осының өзі-ақ көмектеседі.
— Егер сол амалдар көмектеспесе не олар өзіңізге ұнамаса, көзіңізді шайып жіберіңіз. Қолыңызды жақсылап жуып, алақаныңызға жылы су толтырып алып, оған жабық көзіңізді малыңыз да, су астында ашыңыз, барлық артық нәрсе сонда шайылып кетеді.
— Көзіңіз ащыса орамалды суық суға малып алып, мазалаудан арылғанша көзіңізді жабыңыз. Көзіңіз қызарып, аллергиядан қышыса бұл амал өте тиімді. Суық қан тамырларын тарылтады, ал су көзге қажет ылғалмен...