Ақмола облысында жел және күн электр стансалары салынып жатыр
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Биыл Ақмола облысының Аршалы ауданында «ЦАТЭК Green Energy» ЖШС жел электр стансасын салу бойынша ірі жобаның алғашқы кезеңін (қуаты 50 МВт) жүзеге асырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақ басшысының орынбасары Марат Иғалиевке сілтеме жасап.