Киіз үй ішіндегі тұңғыш эксперименталдық музыкалық қойылым болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Astana musical» театрының репертуарына тағы бір керемет туынды қосылды. «Шаңырақ» эксперименталдық музыкалық қойылымының сәтті өткен алдын ала көрсетілімі талғампаз көрерменнің оң бағасын алып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.