Қарқаралыда көпбалалы аналар өз бизнесін дамытуға грант алды
ҚАРҚАРАЛЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында көп балалы аналар мемлекет қолдауымен өз бизнесін құрып, дамытуда. Мысалы, тек бір Қарқаралы ауданында соңғы айларда 8 кәсіпкер грант алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.