Тараз қаласында тамақ өнеркәсібі 55,5%-ға өсіп отыр
Тараз қаласында тамақ өнеркәсібі саласындағы “Орта азиялық қант корпорациясы” АҚ-ы – есепті кезеңде 22 млрд. 890,1 млн. теңгеге 124,3 мың тонна өнім өндіріп, өндірілген өнімнің нақты көлемі 55,5%-ға өсіп отыр, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі. Жалпы өнеркәсіп саласы бойынша салық түсімдері мен басқа да міндетті төлемдердің мемлекеттік бюджеттегі үлесі 15,8% немесе 4 млрд. 776,1 млн. […]
Сообщение Тараз қаласында тамақ өнеркәсібі 55,5%-ға өсіп отыр появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.
Тараз қаласында тамақ өнеркәсібі саласындағы “Орта азиялық қант корпорациясы” АҚ-ы – есепті кезеңде 22 млрд. 890,1 млн. теңгеге 124,3 мың тонна өнім өндіріп, өндірілген өнімнің нақты көлемі 55,5%-ға өсіп отыр, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.
Жалпы өнеркәсіп саласы бойынша салық түсімдері мен басқа да міндетті төлемдердің мемлекеттік бюджеттегі үлесі 15,8% немесе 4 млрд. 776,1 млн. теңгені құрады. Қала деңгейіндегі бюджет бойынша өнеркәсіп саласының үлесі 12,8% немесе 1 млрд. 405,6 млн. теңгені құрады.
2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық – инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасы аясында, жалпы құны 35 млрд. 479,6 млн. теңгені құрайтын 11 жоба іске асырылып, 1861 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Ал, аталған бағдарламаның 2015-2019 жылдарға арналған екінші кезеңінде 2015-2018 жылдары 20 млрд. 124,5 млн. теңгені құрайтын 10 жоба іске асырылып, 360 жаңа жұмыс орындары ашылды.
Сообщение Тараз қаласында тамақ өнеркәсібі 55,5%-ға өсіп отыр появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ.