Орбұлақ шайқасы: Тарихи қойылым тамашалағандарға ұрыс алаңында қалғандай әсер берді
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы мен Алтын орданың 750 жылдығы аясында Талдықорған атшабарында Орбұлақ шайқасының тарихи қойылымы сахналанды. Ашық алаңда шайқасты жаңғыртуға 1 500 адам тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.