Алматы облысында 3 мыңнан аса отбасы табысын жасырған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында 3 мың 304 отбасына табыстың жасырылуына байланысты атаулы әлеуметтік көмек төлеу тоқтатылды, бұл отбасылар бюджетке 296 млн 985 мың теңге қайтаруға тиіс. Бұл туралы ҚазАқпарат Еңбек министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.