Маска тағу режимі қызыл аймаққа ауысқан кезде ғана енгізіледі - ДСМ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирус инфекциясының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу жөнінде 10 қаулы бар, оның ішінде 6 негізгі қаулы және 4 негізгі қаулыға өзгерістер енгізу. Бұл туралы ҚазАқпарат Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.