Қазақстанның энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев сұйытылған газ бағасының өсу себебін халыққа дұрыс түсіндірмей, "жұмыста біршама олқылыққа жол бергенін" мойындады. Оның айтуынша, газ толығымен электронды сауда жолымен сатыла бастайтынын нарықтың қатысушылары білгенімен, тұтынушылар білмей қалған.
"Жасыратын несі бар, жұрт жанармай станциясындағы бағаны көргенде бір-ақ білді" деді министр 3 қаңтарда орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Журналистер министрден сұйытылған газдың қымбаттауына наразы болып... Читать дальше...