Түркістан облысында 42 500 теңгені 390 мыңға жуық тұрғын алған
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға арналған әлеуметтік 42500 теңге төлемді Түркістан облысында 386 239 азамат алып үлгерді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ филиалы директорының міндетін атқарушы Дәурен Байырбеков мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.