"Төтенше жағдай режимін бұзды" деп айыпталған адвокат Закир Асадовтың ісі қысқартылды
17 сәуір күні Шымкент қалалық мамандандырылған әкімшілік соты "төтенше жағдай режимін бұзды" деп айыпталған адвокат Закир Асадовтың ісін қарауды қысқартты. Асадов – осыған дейін "төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін" 35 күнге қамалған белсенді Руслан Жанпейісовтің адвокаты. Асадов белсенді сотынан кейін сыртта журналистерге комментарий бергені үшін айыпталған. Қалалық соттың баспасөз хатшысы Қабыл Дүйсенбінің Азаттыққа айтуынша, полиция Закировке Әкімшілік кодекстің "Төтенше жағдай режимін бұзу" бабымен айып таққан. Читать дальше...