5 қазанда Ақтөбе қаласынан 13 шақырым жерде "Солтүстік айналма жолы" трассасында оқушылар отырған автобус пен жеңіл көлік соғылып, автобус бір жаққа қарай аударылып кетті. Автобуста 27 адам: 18 оқушы, 9 ересек адам болған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқушылар мен ата-аналардың жергілікті ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Басқарма басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, екі бала ауруханаға жатқызылған. Бірі - реанимация, екіншісі травмотология бөлімінде жатыр.
- Қазіргі кезде екі баланың жағдайы қалыпты. Читать дальше...