Шымкенттегі жаңа Арбатқа граниттен Қазақстанның картасы қойылды
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Шымкентте жаңа Арбат ашылды. Салтанатты рәсімге Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков пен қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов, Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев пен қалалық мәслихаттың депутаттары, қала тұрғындары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.