Айт күндері ауа райы қандай болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Елдің солтүстігіндегі бірқатар аймақтарда қатты, екпінді жел соғып, дауыл көтеріледі. Бұршақ жаууы да ықтимал. Оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.