Пентагон АҚШ Сирияның Бу-Кемаль қаласына авиасоққы жасағанын теріске шығарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ авиациясы немесе халықаралық лаңкестікке қарсы коалициясы Сирияның Бу-Кемаль қаласының (Дейр-эз-Зор провинциясы) маңында соққылар жасаған жоқ. Бұл туралы ТАСС агенттігіне АҚШ қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.