Мәскеуде адамдарды қағып өткен такси
Мәскеу қаласының орталығында маусымның 16-сы күні көшеде тротуармен кетіп бара жатқан бірнеше адамды такси қағып кетті. Оқиға салдарынан жеті адам (арасында шетелдіктер бар) зардап шегіп, дәрігер көмегіне жүгінген, қазаға ұшырағандар жоқ. Полицияға берген жауабында көлік жүргізушісі 28 жастағы Қырғызстан азаматы Шыңғыс Анарбек уулу жылдамдық пен тежегішті шатастырып алғанын мәлімдеген. Әлеуметтік желілерде төтенше оқиғадан түсірілген видео тарады.