Ирандықтар Семейде ет өңдеу комбинатын салмақшы
АСТАНА. ҚазАқпарат - «KazakhInvest» АҚ-ның қолдауымен ирандық инвестор Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының «Өндіріс» индустриялды аймағында «Халал» стандартына сай қайта өңдеу ет комбинатын салу жобасын іске асыру үшін инвестициялық келісімшарт жасады. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі хабарлайды.