Түркістан облысында экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында тренинг өтті
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбында тренинг өтті. Облыстық прокуратураның ұйымдастыруымен өткен семинарға облыс көлеміндегі орта мектептерде дінтану пәнінен сабақ беретін 800-ден астам мұғалім қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.