Байқоңырдан «Протон-М» зымыраны ұшырылды
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Жұма күні таңертең Байқоңыр ғарыш айлағынан ғарыш аппараты бар ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды. Бұл туралы ТАСС агенттігі РФ Қорғаныс министрлігінің Ақпарат және бұқаралық коммуникация департаментіне сілтеме жасап хабарлады.